09:52, 10 ақпан 2025
Жамбыл облысының прокуратурасы ауыр қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен Байзақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Прокуратурамен Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігімен ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Қылмысты жасыру аудан аумағында орын алған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған.» Жамбыл облысының прокуратурасы
Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру).
«Күдікті полиция қызметкері ҚПК-нің 128-131-баптарының тәртібімен ұсталып, оған қатысты сотпен «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.» Жамбыл облысының прокуратурасы
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.
Прокуратура құқық бұзушылықтарды тіркеу кезінде есепке алу-тіркеу тәртібін сақтаудың маңыздылығына баса назар аударады және қылмысты есептен жасыру үшін 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.






Leave a Reply