Елена Рыбакина командаға жаңа фитнес жаттықтырушысын алды


10:46, 16 сәуір 2025

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина италиялық фитнес-жаттықтырушы Алдо Чиаримен ынтымақтастық туралы жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қазақстандық спортшы Instagram парақшасындағы stories бөлімінде жазды.

Сурет: Instagram/lenarybakina

«Командаға қош келдіңіз, Алдо Чиари!»- деп жазды теннисші.

Таяу күндері ғана Еленаның бұрынғы фитнес-жаттықтырушысы Азуз Симчичтің 17 жастағы ресейлік Мирра Андреевамен жұмыс істей бастағаны белгілі болды.

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасының бокстан Бакудегі турнирде тоғыз медаль жеңіп алғандығы хабарланған болатын.