Даниял Шалқарбай бокстан жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды


18:51, 30 қазан 2025

Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Даниял Шалқарбай Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық боксшы 66 келіге дейінгі салмақтың финалына дейін жетті.

Ақтық сында жерлесіміз өзбекстандық Саидхуджа Садиллахуджаевты жеңіп, алтыннан алқа тақты.