Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды


09:01, 30 маусым 2025

2025 жылдың маусым айының басына дейін Қазақстанның Қорғаныс министрі қызметін атқарған Руслан Жақсылықов Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіндегі лауазымға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 30 маусымда Ақорданың Telegram-каналынан белгілі болды:

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, — деп жазылған ресми ақпаратта.