Баян Алагөзова «Қайрат» футбол клубын қолдап, ән шығарды


11:54, 29 қыркүйек 2025

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың тобы «Қайрат» футбол клубын қолдау мақсатында арнайы ән жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ән KeshYou тобының ресми парақшасында жарияланды.

Музыкалық топтың және «Қайрат» клубының жанкүйерлері жаңа туындыны жылы қабылдап, қызу пікір білдіруде.

  • Баянның қыздары жарайсыңдар! Қайрат Алға!
  • Қайрат жеңіс сенімен бірге! Алға!
  • Қайрат айырады!
  • Нағыз қолдау осындай болу керек!
  • Турсен мен Баянға ризамын, жан-жақты қолдауларын білдіруде!
  • Жарайсыңдар, қыздар! Қолдау болса сендердікіндей-ақ болсын!

Бұған дейін «Реал» «Қайратқа» қарсы ойында өнер көрсететін футболшылар тізімін жариялағанын жазғанбыз.