13:15, 15 желтоқсан 2025
15 желтоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылуы тиіс болған «Протон-М» зымыран-тасығышының ұшырылымы үдеткіш блоктағы ақауларға байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған ақпаратты «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі жариялады.
«Жоспарлы ұшырылым алдындағы тексерулер барысында үдеткіш блокта жергілікті сипаттағы техникалық сәйкессіздік анықталды», – деп мәлімдеді корпорация.
Сурет: Telegram/Роскосмос
Осыған байланысты ұшырылым «анықталған кемшіліктерді жою үшін» кейінге шегерілді. «Роскосмос» бас директорының орынбасары Иван Даниловтың айтуынша, қажетті жұмыстардың ауқымы анықталып қойған.
Сурет: Telegram/Роскосмос
Айта кетейік, «Протон» зымыраны 1960-жылдардың ортасынан бері қолданылып келеді. Алдағы уақытта оны «Ангара» зымырандар тобы алмастыруы жоспарланған.
Бұған дейін экологиялық қауіпті қызмет түрлерінің тізімі нақтыланғанын жазғанбыз.






Leave a Reply