Ақтауда есірткі қылмысы анықталды


13:38, 26 наурыз 2026

11 наурызда Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Іс-шара барысында шетел азаматы ұсталды.

Тінту және тексеру кезінде одан синтетикалық есірткі заты — мефедрон (30 грамм) тәркіленіп, сондай-ақ ұялы телефондар айғақ зат ретінде алынды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.