Ақордада Эстония президентін салтанатты түрде қарсы алды


16:45, 17 қараша 2025

Бүгін, 2025 жылғы 17 қарашада, Ақордада Эстония президентін қарсы алу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Акорда баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар ресми делегация мүшелерін бір-бірімен таныстырды.

Сурет: akorda.kz

Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

Сурет: akorda.kz

Бұдан кейін екі елдің әнұрандары шырқалды.

Сурет: akorda.kz