Атырау облысында жанар-жағармай құю бекетінде автобус өртенді


15:09, 16 қараша 2025

Бүгін, 2025 жылы 16 қарашада Атырау облысындағы Доссор елдімекенінде жанар-жағармай құю станциясының аумағында автобус өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

112 дабыл пультіне хабарлама келіп түсіп, оқиға орнына тез арада ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді.

«Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдары арқасында жанар-жағармай құю станциясына оттың одан әрі таралуының алды алынды. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт қысқа мерзімде сөндірілді», делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ екені де нақтыланады.