Астанада Бейсекова мен Тілендиев қиылысы үш айға уақытша жабылады


18:51, 28 сәуір 2025

Астана қаласының Бейсекова және Тілендиев даңғылдарының қиылысында екі деңгейлі жол айырығы салынады. Сол себепті аталмыш көшелердің қиылысы толық жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, осыған байланысты қозғалыс екі бағытта да алты жолақты жүру арқылы уақытша жолда ұйымдастырылады.

«Жөндеу жұмыстары осы жылдың 1 мамырынан 1 тамызына дейін жүргізілетін болады», делінген хабарламада.

Кесте, Астана, жол жөндеу, Тілендиев, Бейсекеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2025 18:51

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.