Астанадан Көкшетауға жүгіріп барған марафоншы бес күнде 600 шақырымды еңсерді


42 жастағы қазақстандық әскери қызметші Рауан Абылханов 600 шақырымдық супермарафонды еңсерді. Бұл туралы елордадағы аумақтық қорғаныс бөлімшесінің командирі туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Абылханов – 9 баланың әкесі, әскер қатарында 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді.

«2022 жылы ол оқу орталығы «Али» – Алматы облысындағы Шелек ауылы бағыты бойынша 48 сағат ішінде 350 шақырымдық супермарафонды еңсеріп, Қазақстан рекордтар кітабына енген болатын», – деді министрлікте.

Абылханов жеңіл атлетикамен 15 жылдан бері айналысып келеді. Ол бірнеше мәрте марафон жеңімпазы атанған.

Бұл жолы әскери қызметші 2025 жылғы 26 қыркүйекте «Көктал» паркінде мәре сызығын қиып, 30 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі ғимаратының алдында жарысты аяқтады. Бес күнге созылған бағыт Астана – Көкшетау – Астана бағытын қамтыды.

Марафоншының айтуынша, рекордты жол оңайлықпен берілмеген:

«Ауа райының күрт нашарлауына қарамастан, спортшы күн сайын 120 шақырымнан жүгіріп отырған».

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Абылхановқа дайындық үшін екі ай уақыт қажет болған. Ол күн сайын 40 шақырымнан астам қашықтықты еңсерген.

Айта кетейік, 2025 жылғы 28 қыркүйекте Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі жыл сайынғы жүгіру жарысы – Almaty Marathon өтті. Оған 16 мыңға жуық адам қатысты.