Аргентина президентінің кортежіне тас жаудырды


10:31, 28 тамыз 2025

Аргентина президенті Хавьер Милейдің қарсыластары оның сайлауалды шарасын өткізу кезінде кортежіне тас пен бөтелке лақтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

TN телеарнасының мәліметінше, оқиға Буэнос-Айрес провинциясындағы Ломас-де-Самора қаласында болды.

«Милей ашық төбесі бар көліктен жиналғандарға сәлем беріп бара жатқан. Оның қасында сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп күдікке ілінген қарындасы Карина Милей отырған», – делінген ақпаратта.

Осы сәтте оның жақтастары мен полиция және наразылық білдірушілер арасында қақтығыс басталған. Қауіпсіздік мақсатында президенттің күзеті мемлекет басшысын жедел эвакуациялады.