15:12, 18 ақпан 2025
КОНКАКАФ чемпиондар кубогы аясында американдық «Интер Майами» және «Канзас-Сити» футбол клубтарының кездесуі қарлы боранға байланысты бір күнге кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, ойынның бір күнге кейінге шегерілуіне Лионель Мессидің -12℃-тан төмен температурада және ызғырық желде ойнағысы келмеуі себеп болған.
«Интер Майами» клубы матчты ауыстыру туралы шешім тек бір мақсатпен ойластырылғанын мәлімдеді ол – ойыншылар мен жанкүйерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты.
Сондай-ақ, соңғы шешім қабылдаушы тараппен және жергілікті билікпен келісілгені атап өтілді.
Бұған дейін Қазақстан жолдастық кездесуде КХДР құрамасына жол бергендігі хабарланған болатын.






Leave a Reply