13:31, 22 тамыз 2025
ҚР Орталық коммуникациялар қызметі жанындағы Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы 2025 жылғы 22 тамызда медиа кеңістікте жалған ақпараттың қалай жасалып, таралатынына талдау жасалған жаңа аналитикалық шығарылымын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ОКҚ мәліметіне сүйенсек, шығарылымда келесі мәселелер қарастырылады:
- анонимді арналар мен «пікір көшбасшылары» арқылы алғашқы фейктердің қоғамдық консенсус елесін қалыптастырып, кең аудиторияға қалай жететіні;
- боттар мен тролльдердің рөлі;
- неге кейде теріске шығару мифті күшейтіп жіберетіні.
Мысал ретінде соңғы жылдардағы резонанстық мифтердің бірі – «жерді шетелдіктерге беру» туралы жалған ақпараттың таралуына талдау жасалған.
Шығарылымның мақсаты – қоғамға бағытталған манипуляциялардың нақты тетіктерін көрсету және ақпаратқа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын жеткізу.
Толық шығарылымды Орталық коммуникациялар қызметінің ресми ресурстарынан көруге болады.






Leave a Reply