«Алматы – Ташкент» автожолында жүк көлігі өртенді


13:13, 27 желтоқсан 2025

Жамбыл облысында жүк көлігіндегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өткен түнде Жуалы ауданында, «Алматы – Ташкент» автожолының 554-шақырымында тіркемесі бар жүк көлігінде өрт шықты.

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел түрде жетті.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылдарының нәтижесінде жүк тиелген бір тіркеме өрттен аман сақталып, оттың әрі қарай таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.