Алматы облысында 30 сәуірге дейін бірнеше автожол жабылады


16:23, 27 наурыз 2025

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бүгін, 27 наурызда облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыстың уақытша жабылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жабылу себебі – жол-метерологиялық жағдайлардың нашарлауына және қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2025 жылғы 1 сәуірден 30 сәуірге дейін келесі облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылады:

  • КВ-45 «Талғар – Спутник» – 6 км учаскесінде;
  • КВ-64 «Түрген-Обсерватория» – 12 км учаскеде;
  • Р – 17″ Алматы – Талғар – Евгеньевка » – Есік көліне кіреберіс – 7 км учаскеде.

«Өңір тұрғындары мен қонақтарынан сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді, сақтық шараларын сақтауды және баламалы маршруттарды пайдалануды сұраймыз. Қозғалыстың қайта басталуы туралы қосымша хабарланатын болады»,- деп қорытындылады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы тұрғындарына 29 наурыздағы жол шектеулері туралы ескертілгендігі хабарланған болатын.