21:27, 13 наурыз 2026
Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы автосалонынан Changan CS55 Plus маркалы автокөлікті ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыскерлердің әрекеті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталып, олардың қозғалыс бағыты белгіленді.
Тергеу барысында ұрланған автокөлік Түркістан облысы Жетісай қаласының аумағынан табылып, тәркіленді. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.
Сонымен қатар күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.






Leave a Reply