Алматы облысында мешіт өртенді


13:15, 10 ақпан 2025

2025 жылы 9 ақпанда таңертең Алматы облысындағы мешітте өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz .

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның Қарасай ауданындағы Еңбекші ауылында болғанын хабарлады. Мешітте 50 шаршы метр аумақта жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып кетті.