19:35, 26 ақпан 2025
2025 жылғы 26 ақпанда Алматы облысындағы тас жолда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы полиция департаменті «Алматы-Астана» тас жолының 56 шақырымында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты тергеу шаралары қолға алынғанын нақтылады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, BMW-728 көлігінің жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford өртке оранған. Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW-ның жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.






Leave a Reply