13:59, 5 қыркүйек 2025
2025 жылдың 5 қыркүйек күні таңертең Алматы қаласында Howo маркалы бетон араластырғыш көлік пен Honda Dio мопедінің қатысуымен ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апаты Қапшағай тас жолында, Алматы қаласына кіреберісте болған. Екі жүргізуші де оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан.
Сурет: Zakon.kz
Екі дөңгелекті көлік пен ауыр жүк көлігінің соқтығысуының нақты жағдайлары әзірге белгісіз.
Сурет: Zakon.kz
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Howo жүргізушісі соқтығысуды байқамай, жолын жалғастырған. Ол апат болған жерден шамамен бір шақырымдай ұзаған соң ғана тоқтаған.
Сурет: Zakon.kz
Соқтығысу салдарынан мопед тізгіндеген 54 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Қатты соққыдан оның дулығасының түгі қалмаған.
Полиция оқиға орнында жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Алматыда жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған ер адамның қаза тапқанын жазғанбыз.






Leave a Reply