Алматыда қар мен суық күндер жақындап келеді


17:11, 30 қыркүйек 2025

Алматылықтар алдағы күндері алғашқы қарды күтіп отыр. Синоптиктердің айтуынша, қалада ауа температурасы күрт төмендеп, жауын-шашын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК Алматы және Алматы облысы филиалының жетекші инженер-синоптигі Даулет Кисебаевтың айтуынша, соңғы тәулікте қалада тұрақсыз ауа райы қалыптасты.

Осыған байланысты 1 қазан кешкісін және 2 қазан түнінде Алматының жоғарғы бөлігінде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.

«Фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 1 қазан күні таңертең және күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты. Сондай-ақ 2 қазан кешке және түнде қаланың жоғарғы бөлігінде, негізінен таулы аймақтарда, жаңбырдың қарға және сулы қарға ауысуы күтіледі», — деді Дәулет Кісебаев.

Синоптиктің айтуынша, фронттардың өтуінен кейін өңірге жоғары қысым өрісі енеді. Бұл жылы ауа массаларын ығыстырып, температураны төмендетеді. Қалада ауа +3…+5°C-қа дейін салқындайды.

«Таулы аймақтарда ауа райы бұдан да суық болады. Мынжылқы тау жазығында температура -8…-10°C-қа дейін төмендейді», — деді ол.

Алматыдағы алдағы үш күннің ауа райы болжамы:

  • 1 қазан: бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, кейде қатты. Шығыс желі 3–8, екпіні 13 м/с. Түнде және күндіз +6…+8°C, кейін төмендейді.
  • 2қазан: ауыспалы бұлт, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), тұман. Шығыс, оңтүстік-шығыс желі 2–7 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +10…+12°C.
  • 3 қазан: ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік жел 2–7 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +13…+15°C.

Дауылды ескерту:

1 қазан күні күндіз Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Сондай-ақ оңтүстікте және таулы аймақтарда тұман күтіледі. Шығыс желі солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда 15–20, түнде кей жерлерде 25 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қалада тұрақты қар жамылғысының қалыптасуына әлі ерте. Мұндай құбылыс тек қараша айының соңында – желтоқсан басында болуы мүмкін. Ол кезде қар еріп үлгермей, тұрақты төмен температураның әсерінен жерге орнығады.

2024 жылы Алматыда алғашқы қар 16 қазанда жауған еді. Бұған дейін түске дейін жауған нөсер жаңбыр түстен кейін ірі қар түйіршіктеріне ұласқан.