Алматыда орталық көшелердің бірі уақытша жабылады


16:13, 12 тамыз 2025

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша жол жүру шектеулері енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 12 тамызда AlmatyJoly Telegram-арнасында жарияланды.

«12 тамыз күні сағат 22:00-ден 13 тамыз сағат 06:00-ге дейін Назарбаев даңғылынан Қайырбеков көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады», – делінген хабарламада.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірлері көрсетілген стендтер орнатылады.

«Алматылықтар мен қала қонақтарынан маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген үндеуде.

Бұған дейін, 2025 жылғы 11 тамызда, Алматыда маңызды жол айрығында екі түнге қозғалыс шектелетіні хабарланған еді.