Алматыда жасөспірімді пойыздың төбесінде тоқ соқты


14:01, 20 шілде 2025

19 шілде күні Алматы-2 станциясында жасөспірім пойыздың төбесіне өз бетінше шығып, тоқ соғып жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 18:55-те станция кезекшісі оқиғаны тіркеген, деп мәлімдеді ҚТЖ баспасөз қызметі Telegram-арнасында. Электр тоғының соғуы салдарынан 15 жастағы жасөспірім күйік алған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жедел жеткен.

«Зардап шеккен жасөспірім тірі, оған медициналық көмек көрсетілді», — делінген хабарламада.

Аталған оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.