Алакөлге демалуға баратын азаматтарға жақсы болатын болды


20:29, 28 мамыр 2025

Алакөлге кезекті субсидияланатын әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алакөлге жақын орналасқан Үшарал қаласына субсидияланатын рейстерді орындай бастайды.

«Елорда мен Үшарал, сондай-ақ Алматы мен Үшарал арасында аптасына 7 рейс орындалады. Бір бағыттағы билет құны — 20 мың теңге», делінген хабарламада.

Сонымен қатар осыған дейін мәлім етілгендей, 2025 жылғы 1 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы елорда мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 7 рейс орындайды. Бұл әуе рейстері де субсидияланады, билеттер қолжетімді бағамен онлайн сатылымда.

Бұған дейін Семей – Астана – Семей бағытында жаңа әуе рейсі ашылғанын хабарлағанбыз.