19:17, 11 ақпан 2025
Керлингтен Қазақстанның қыздар командасы 11 ақпанда Харбиндегі Азия ойындарында үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, біздің керлингші қыздар Қатар құрамасын сенімді түрде жеңді. Есеп: 11:2.
Қазіргі уақытта команданың активінде екі жеңіліс пен үш жеңіс бар.
Сондай-ақ, бүгін, 11 ақпанда ерлер құрамасы Оңтүстік Корея командасымен кездесіп, қарсыластарын жеңе алмады. Есеп: 12:2.
Бұған дейін грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кеткенін жазған едік.






Leave a Reply