FlyArystan жолаушыларға маңызды ұсыныс жасады


10:25, 8 қыркүйек 2025

Қазақстандық бюджеттік әуе компаниясы FlyArystan («Эйр Астана» АҚ-ның еншілес компаниясы) бүгін, 2025 жылғы 8 қыркүйекте, Алматы халықаралық әуежайына келуге қатысты жолаушыларға маңызды ұсыныс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе компаниясының мәлімдеуінше, тіркеу мен тексеру кезінде жүктеменің артуына байланысты күту уақыты әдеттегіден ұзақ болуы мүмкін.

Жолаушыларға әуежайға алдын ала келуді ұсынамыз, кем дегенде:

  • ішкі рейстерге – 2 сағат бұрын;
  • халықаралық рейстерге – 3 сағат бұрын, – делінген хабарламада.

2025 жылғы 27 тамызда FlyArystan Шарм-эль-Шейхке сапар жоспарлаған қазақстандықтарға маңызды жаңалық жариялаған болатын.