Сәрсенбі, 2025 жылдың 30 сәуірі күні Иерусалимнің шетіндегі Ештаол орманында ірі орман өрттері орын алып, кейбір елді мекендерді эвакуациялауға және жолдарды жабуға мәжбүр етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты Израиль үкіметі бірқатар Еуропа елдерінен көмек сұрады.
«Израиль өрттерді сөндіруге халықаралық көмек көрсету туралы шұғыл сұрау жіберді. Сұраныс кемінде бес мемлекетке, соның ішінде Кипр, Грекия, Хорватия, Болгария және Италияға жіберілді», – деп хабарлайды Ynet порталы.
Орман өрттерін сөндіруге 10 ұшақ пен 119 өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылғанымен, табиғи апатты жоюға бұл күштер жеткіліксіз екені белгілі.
Қатты аптап ыстық кезінде Иерусалим тауларында орман өрттері шықты.
PRAY FOR ISRAEL
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:






Leave a Reply