Алматы облысында жер сілкінісі болды


2025 жылғы 1 мамыр күні Астана уақытымен 08:19-де ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Кеген ауданында, Қарқара ауылынан 10 шақырым жерде және Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің параметрлері:

• Күні мен уақыты: 2025 ж. 1 мамыр, 08:19 (Астана уақыты)

• Эпицентр координаттары: 42.843° с.е., 79.332° ш.б.

• Эпицентрдегі есептік қарқындылығы: Сезілмеген

Есептеулер бойынша, бұл жер сілкінісі халықпен сезілмеген және қауіп төндірмейді.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

Бұған дейін 22 сәуірде Алматының солтүстік-шығысында жер сілкінісі тіркелді. Опа Қазақстан аумағында, мегаполистен 508 шақырым жерде орналасқан.