12:39, 30 сәуір 2025
Әлемдік деңгейдегі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген астаналықтарды інісі өнер көрсететін шығармашылық кешке шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайлы әнші өзінің Instagram парақшасында айтты. Шығармашылық кеш 18 мамырда сағат 18:00-ге жоспарланған.
Димаштың айтуынша, сазды кешке дарынды домбырашылар Темірлан мен Ернат, сондай-ақ талантты музыкант Әбілмансұр Құдайберген қатысады.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы фан-кездесу жайлы басты сұраққа жауап бергендігі хабарланған болатын.






Leave a Reply