Атырауда заңсыз айналымнан 2 келі бекіре уылдырығы тәркіленді


10:26, 30 сәуір 2025

18 сәуір күні Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері республикалық «Бекіре-2025» профилактикалық іс-шарасы барысында бекіре тұқымдас балығының уылдырығын заңсыз тасымалдаған әйел адамды анықтады.

Әйел адам қаладағы қонақ үйлердің бірінің маңында ұсталды.

Жеке тінту барысында қолында қара полиэтилен дорбасынан 4 пластикалық ыдысқа салынған бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы табылып, тәркіленді.

Табылған уылдырықтың жалпы салмағы 2,006 кг құрады. Қазіргі уақытта соттық-биологиялық және тауартанушылық сараптамалар тағайындалды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.