Алматыда көлік басқарған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды


11:23, 29 сәуір 2025

Алматыда «Жасөспірім» және «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында Медеу ауданының полиция қызметкерлері түнгі сағат 02.00 шамасында Infiniti көлігін тоқтатты.

Көлік тізгінінде 17 жастағы бала болған. Медеу аудандық полиция басқармасы хабарлағандай, оқиға орнына жасөспірімнің заңды өкілдері шақырылған.

Олар жауапқа тартылды. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерге кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі сіздің жеке жауапкершілігіңіз екенін ескертеді.

Балаларға көлік кілтін сеніп тапсыру арқылы сіз олардың өміріне ғана емес, басқаларға да қауіп төндіресіз.