БҚО-да мектеп асханасындағы ас мәзірі талапқа сай келмейтіні анықталды


10:34, 28 сәуір 2025

Батыс Қазақстан облысында прокуратура мектеп асханасында ас мәзірі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтінін анықтады.

Атап айтқанда, Сырым ауданындағы білім ұяларында оқушыларға берілетін тамақ көлемі жетіспеген.

Аудандық білім бөлімі 72 млн теңгеге 9 конкурс жариялаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Кәсіпкерлер 1-4 сыныпта оқитын 1 250 баланы ас-ауқатпен қамту керек болған.

Алайда қолданыстағы ереже талаптары өрескел бұзылған.