12:42, 27 сәуір 2025
Таиландтың Бангкок қаласында дзюдодан Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалға дейінгі кезеңдердің қорытындысы бойынша ақтық сынға Қазақстан құрамасының үш балуаны өтті.
Максим Мейірлан (90 келіге дейін) және дәл осы салмақ дәрежесінде Ермахан Әнуарбеков жұбаныш белдесулерінде жеңіске жетіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Әйелдер арасында Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары) қола жүлде үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, финалдық бәсекелер сағат 14:00-де басталады.






Leave a Reply