09:00, 27 сәуір 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бендер-Аббас қаласының «Шахид Раджаи» теңіз портында болған жарылыстан адамдардың қаза табуына және көптеген азаматтың жарақат алуына байланысты Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айтты.
Қазақстан Президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.






Leave a Reply