17:58, 25 сәуір 2025
«Қазгидромет»РМК Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, 2025 жылдың 26-28 сәуірі аралығында елордада жаңбыр жауады, ал еліміздің өзге екі ірі мегаполисінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
26 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с, кей тұста — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +11…+13°C, күндіз: +25…+27°C.
27 сәуір: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні — 9-14 м/с, күндізгі екпіні — 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +12…+14°C, күндіз: +22…+24°C.
28 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с, күндізгі екпіні — 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +12…+14°C, күндіз: +22…+24°C.
Алматы
26 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +8…+10°C, күндіз: +22…+24°C.
27 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +13…+15°C, күндіз: +27…+29°C.
28 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +15…+17°C, күндіз: +29…+31°C.
Шымкент
26 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +13…+15°C, күндіз: +29…+31°C.
27 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 8-13 м/с, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +18…+20°C, күндіз: +33…+35°C.
28 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 8-13 м/с, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +20…+22°C, күндіз: +34…+36°C.
Бұған дейін синоптиктер Алматыда ауа температурасы күрт көтерілетінін ескерткен.






Leave a Reply