16:50, 25 сәуір 2025
2025 жылғы 25 сәуірде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің (МЖМ) Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысушыларды толғандыратын маңызды ақпаратты таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау 25 сәуірде сағат 23:59-да аяқталады. Содан кейін тестілеу пунктін, күнін және уақытын өзгерту мүмкін болмайды.
Ал бейіндік пәндер мен тестілеу тілін таңдауға өзгерістер енгізу ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігі басталғанға дейін мүмкін болады.
Ескерте кетсек, негізгі ҰБТ-ны тапсыруға берілген екі мүмкіндікте де тек бірдей бейіндік пәндер комбинациясын тапсырасыздар.






Leave a Reply