Павлодарда өрт сөндірушілер қызыл жалыннан үш баланы құтқарып қалды


22:09, 24 сәуір 2025

Бүгін Павлодардағы Желтоқсан көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің бірінің 2-қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қатты түтіннің салдарынан баспалдақ маршымен 12 адам эвакуацияланып, 3 бала құтқарылды.

Өрттің таралуына жол берілмей, ол 18 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Көміртегі тотығымен уланған бір ер адам ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызылды.