18:03, 22 сәуір 2025
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Рим қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/16 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталмыш кезеңде отандасымыз француз спортшысы Антуан Корнутпен кездесті.
Кездесу екі сетке созылды. Скатов матчты 7:6 (7:1), 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Айта кетейік, Тимофейдің 1/8 финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.






Leave a Reply