12:19, 22 сәуір 2025
Қытайдың Азаматтық авиация басқармасы (CAAC) әлемдегі ең үлкен азаматтық гидроұшақ – AG600M «Кунлунды» сертификаттап, оны ресми түрде пайдалануға енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жаңа ұшақ моделін Қытайдың AVIC корпорациясы жасаған. Екі жылдық сынақ кезеңінде бірнеше AG600M ұшағы 2000-нан астам ұшуды орындап, 10 мыңнан астам параметр сыналды. Жалпы ұшу уақыты – 3560 сағат, бұл Қытай авиациясы үшін рекордтық көрсеткіш.
Сурет: VCG
Ұшақты жасау – ауқымды ұлттық жоба болды, оған 292 кәсіпорын мен 16 университет қатысты.
AG600M – қазіргі заманғы әлемдегі ең үлкен гидроұшақ. Ол 12 тоннаға дейін суды 4500 шақырым қашықтыққа дейін тасымалдай алады.
Бұған дейін Өзбекстанда шетелдіктер үшін «алтын виза» енгізілгендігі хабарланған болатын.





Leave a Reply