«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының жүлдесіне ие болды


«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының жүлдесіне ие болды

✅ «Үздік жетістігі үшін» жүлдесі Корпорацияға Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезіндегі қызметі үшін берілді.

🔹Марапатты Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан VII Этноспорт форумы аясында аталған конфедерацияның президенті Біләл Ердоған табыстады.

🐎 Өткен жылдың қыркүйек айында Астанада ұйымдастырылған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде Корпорацияға қарасты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары спорттық сайыстарды толықтай тікелей эфирде ұсынды. Сонымен бірге 10-нан астам мемлекетке халықаралық сигнал таратылды.

📌 89 елден 2500-ге жуық спортшы қатысқан бәсекеде Қазақстан құрамасы 1-орынды иеленді.