Түркістанда Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездеседі


10:01, 20 сәуір 2025

21-22 сәуірде Түркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«21-22 сәуір күндері Түркістанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді», делінген Ақорда хабарламасында.

Келіссөз барысында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасы және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады.

Бұған дейін Мемлекет басшысының елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтағанын хабарлағанбыз.