ТЖМ-ға жаңа функциялар қосылды


14:06, 18 сәуір 2025

Үкіметтің 2025 жылғы 14 сәуірдегі қаулысымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, министрлікке жаңа функциялар қосылды:

  • азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін, кезеңдері мен мерзімдерін бекітеді;
  • құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп психологиялық-социологиялық зерттеу жүргізу тәртібі мен әдістерін бекітеді.

Келесі тармақша жаңа редакцияда жазылды:

  • азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтинг) есептеу тәртібі мен әдістерін бекітеді.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.