«Солтүстікте қар, оңтүстікте жаңбыр жауады». 11 ақпанға арналған ауа райы болжамы


18:13, 10 ақпан 2025

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы сейсенбіде, 2025 жылғы 11 ақпанда елімізде ауа райы қандай болатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Оңтүстікте, оңтүстік-батыста фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады деп күтіледі, еліміздің солтүстігінде аздап қар жауады, түнде Түркістан облысының тауларында қалың қар түседі». «Қазгидромет» РМК

Сондай-ақ республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс — тұман, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста жел күшейеді, солтүстікте, шығыста жаяу бұрқасын жүреді, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік- батыста көктайғақ болады деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 2025 жылғы 11-13 ақпанға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.