21:53, 16 сәуір 2025
Ақмола облысының Астрахан ауданында Қалқұтан өзені тасып, екі электр бағаны құлады. Салдарынан Ягодное ауылы жарықсыз қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарықсыз қалған ауылға ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алғашқы болып көмекке келді.
«Электр желісі жұмысшыларымен бірге олар жүзу құралынан тікелей қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында ауылдағы электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Жарық беріліп, адамдар үйлеріне оралды», делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетсек, Қазақстанның үш облысында су тасқынының шарықтау кезеңі өткенін жазғанбыз.






Leave a Reply