Қазақстанда Ғашықтар күніне орай қандай іс-шаралар өтеді


17:08, 15 сәуір 2025

Қазақстанда 15 сәуірде ғашықтар мерекесі – «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» күні тойланады. 2011 жылдан бастап «Ұлттық ғашықтар күні» аталып өтіледі. Ондағы мақсат – көпшілікке махаббат, адалдық пен адамгершілік сияқты нағыз биік сезімдерді насихаттау, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мейрам ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, халық ауыз әдебиетіндегі ғашықтар Қозы мен Баянның махаббат хикаясына арналған.

Ғашықтар күніне орай бірқатар іс-шара жоспарланған:

  • «Астана Балет» театры — екі бөлімнен тұратын «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» эпостық балеті;
  • Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры — «Қозы мен Баян» трагедиясы;
  • Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры — «Сезім хаттары» қойылымы;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры — опера солистері Венера Алпысбаева мен Нұржан Бажекеновтың «Екеуге арналған гармония»атты концерті;
  • Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі — «Махаббат мәңгі ертегі» концерті;
  • Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры — «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» музыкалық драмасы.