Қазақстан құрамасы сапында кімдер өнер көрсететіні белгілі болды


21:51, 11 сәуір 2025

Қылышпен семсерлесуден Сеулде (Оңтүстік Корея) өтетін Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан ерлер құрамасының алдын ала тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комиетінің мәліметінше, ауқымды халықаралық жарыста еліміздің намысын үш спортшы қорғайды. Атап айтқанда олар:

  1. Артём Саркисян,
  2. Бақдәулет Құралбекұлы,
  3. Қуаныш Ерғашбай.

Айта кетерлігі, құрамның соңғы нұсқасында өзгерістер болуы мүмкін.

Гран-при турнирі 2–4 мамыр аралығында өтеді.

Бұған дейін спорттық гимнастикадан Хорватияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі анықталғанын жазғанбыз.