Димаш Құдайберген Ақтау тұрғындарын маңызды жайтпен құттықтады


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының ашылуымен өңір тұрғындарын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы ол 2025 жылғы 7 сәуірде өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Киелі мекен Ақтауды Түркі әлемінің астанасы атағын алуымен құттықтаймын! Бұл жай ғана мәртебе емес – бұл халқымыздың бай мәдениетін, тарихын, рухын мойындау»,- делінген жазбада.

Мұнымен қоса, ол концертке келген 150 мыңнан астам көрерменге алғысын білдірді.

Бұған дейін Димаштың 87 жастағы маңғыстаулық қолөнер шеберімен кездесіп, оның шөбересіне бұйымдарын сыйға тартқандығы жайлы жазған болатынбыз.