10:01, 10 ақпан 2025
Жамбыл облыстық перинаталдық орталығына «ерте жүктілік» диагнозы қойылған 16 жасар кәмелетке толмаған қыз түсті. Zakon.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтамақ болып, облыстық полиция департаментіне хабарласты. Толығырақ ақпаратта.
Полиция жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қыздың 54 жастағы өгей әкесі қылмыстық іс-әрекет жасады деген күдікке ілініп, ұсталғанын айтты.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 120-бабының 3-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қазір күдікті тергеу сотының санкциясымен қамауда», – деді полиция.
Бұған дейін Өскемен және Қарағанды қалаларында телефон алаяқтары ұсталғандығы хабарланған болатын.






Leave a Reply