5 сәуірде Түркияның Адана провинциясында 13-ші халықаралық «апельсин гүлі» карнавалы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Анадолу» агенттігі өзінің Facebook парақшасында жазғандай, карнавал «Әлем балалары» ұранымен түрлі іс-шаралардан басталды. Оңтүстік қала көшелерінде костюм шеруі өтіп, орталық саябақта концерт ұйымдастырылды.
Сурет: Facebook/AnadoluAgencyRussia
Мерекенің басты оқиғаларының бірі, әйгілі Пабло Пикассо мұрасының көркем көрмесінің ашылуы болды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар карнавалдың мәнін ашып көрсете алатын ең үздік суретті анықтау үшін фотомарафон жариялады.
Сурет: Facebook/AnadoluAgencyRussia
Мереке театр мен спорттық жарыстар, көрмелер мен концерттерді қамтитын 50 іс-шарадан тұрады. Бұл ретте, карнавал 13 сәуірге дейін жалғасады.
Бұған дейін Израиль әскерінің мектепті бомбалағаны хабарланған болатын.






Leave a Reply