Павлодар облысында жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, төртеуі зардап шекті


5 сәуірде Павлодар облысындағы тасжолда болған жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қызылорда-Павлодар» жолының 1153-шақырымында келе жатқан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі жылдамдықпен арыққа ұшып кетіп, аударылып қалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол рөлге ие бола алмай қалған.